You are here

Павлодар облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңісінің отырысы өтті

13.12.2017, 14:00   283

Версия для печатиPDF versionEPUB version

12 желтоқсан күні Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің конференц-залында облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңісінің отырысы өтті. Жиынға қалалық және аудандық кеңестерінің, сонымен қатар кәсіпорындарда құрылған кеңестердің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері атсалысты.

 Отырыс барысында халықтың қоғамдық санасы модернизациясының бағыт-бағдарлары, этносаралық және дінаралық келісімнің қамтылуының сұрақтары, қоғамдық келісім кеңестерінің ірі кәсіпорындарындағы жұмысы мен Павлодар облысындағы медиация институтының дамуы сараланды. 

Өз сөзінде Павлодар облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіқалықов Идиат Бекболатұлы бүгінгі таңда облысымызда 114 қоғамдық келісім кеңесі құрылып, жұмыс атқарып келе жатқандығын айтты. Олардың біреуі облыстық, 2-і қалалық, 10 аудандық, 97 ауылдық және 4-уі кәсіпорындарда құрылған кеңестер болып табылады. 

«Биылғы жылдың 1-ші қаңтары мен 1-ші желтоқсан аралығында қоғамдық келісім кеңестерімен барлығы 77 600 адам қатысуымен өткен 869 іс-шара ұйымдастырылды. Өңірлердің әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспарын талқылауға кеңестің мүшелері де қатысады. Ауылдарға барып Қазақстан халқы Ассамблеясы күндерін өткізу барысында жергілікті халықпен кездесулер өткізіліп, міндетті түрде әлеуметтік мәселелер қарастырылып отырады, өз алдында кәсіби медиаторлар да халлыққа қызметін көрсетіп отырады», - деді Идиат Бекболатұлы. Дін істері жөніндегі облыстық басқармамен бірлесе отырып діни экстремизге қарсы бағытталған 2017-2018 жылдар аралығындағы жоспардың құрылғаны, сонымен қатар, осы бағыттағы жұмыстың 2018 жылы да жалғасатыны айтылды.      

«Богатырь Көмір» ЖШС-де бұл бағытта жүгізіліп жатқан жұмыстар бойынша осы кәсіпорында құрылған кеңестің төрағасы Қоңырбаев Ерболат Қайриденұлы баяндап берді. «Богатырь Көмір» ЖШС ілгері дамып келе жатқан Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмірдің 63%-ы біздің кәсіпорынға тиесілі. Мұнда ұлттық құрамы 41 этнос өкілдерінен тұратын 6000-нан астам жұмысшы еңбек етеді», - деді Ерболат Қариденұлы. «Елбасымыздың тапсырмасын отрындау мақсатында облыстық ҚХА тарапынан біздің кәсіпорында қоғамдық келісім кеңесін құру ұсынысы түскен соң, 2016 жылғы 21-ші маусым күнінен бастап кеңес біздің кәсіпорнымызда да жұмысын бастады. Қазіргі таңда кеңеске мүше болып 8 адам енгізілді. Олардың қатарында инженерлер, кәсіподақ мұшелері, жұмысшы жастар мен еңбек ардагерлері бар. Кеңестің басты мақсаттарына жұмысшылар арасында еңбек және өндірістік-тұрмыстық шиеленістердің алдын алу, еңбек үшін қолайлы жағдайлар жасау, жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау болып табылады. Қоғамдық келісім кеңестері арқылы әрбір жұмысшы басшылыққа тікелей сұрақтарын жолтап, тиесілі жауабын ала алады», - деп бөлісті Қоңырбаев Ерболат Қайриденұлы.

Өз тәжірибелері мен жетістіктерін жиынға келген басқа да қатысушылар ортаға салды. Павлодар облысындағы медиация институтының жетістіктеріне Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі жанындағы Медиация орталығының басшысы Николашиан Ольга Леонидовна тоқталса, Щарбақты ауданында құрылған қоғамдық келісім кеңесінің трағасы Паванов Бахыт Паванович елді мекендеге халықпен жұмысы жөнінде баяндап берді.

Жиын соңында кеңестің жаңа мүшетеріне куәліктер табысталды. 

Мақсат Айтпаев,

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Дата события Ассамблеи: 

Сәрсенбі, 13 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15