You are here

Облыс этномәдени бірлестіктерімен кездесу

03.11.2016, 20:30   486

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Беларусь елінен келген ресми делегация Павлодар облысының этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті

Павлодар облысына арнайы іссапармен келген Беларусьтың Гомель облысы атқару комитетінің төрағасы Владимир Дворник Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының жұмысымен танысты.

Қонақтарды «Достық үйінде» Ассамблея мүшелері нанмен және тұзбен қарсы алып, шағын экскурсия ұйымдастырды. Гомель облысының басшысы өзінің мұнда басқа мемлекетте жүргенін мүлдем сезінбегенін айтады.

- Біз қазір жақын туыс секілдіміз. Қазақ жері бізге өте жайлы. Бұл жерде бізбен сондай жылы қарым-қатынас жасалуда.  Бүгін біздің қос мемлекеттің экономикасы үшін аса маңызды серіктестік қарым-қатынас орнайды және тауар айналымы ұлғаятын болады. Ең маңыздысы біз - ұзақ жылдан бері байланысымыз үзілмеген бауырлас елміз. Соның нәтижесінде бірге жұмыс істеп, өндірістік кәсіпорындар құрдық, - деп өтті Владимир Дворник. 

Облыс әкімі Болат Бақауов екі ел арасындағы сауда-саттық қарым-қатынас жылдан жылға дамып келе жатқанын атап өтті. Егер 2010 жылмен салыстырар болсақ, тауар айналым құны 10 млн. доллардан 40 млн. долларға дейін, яғни төрт есеге ұлғайған.  

- Бүгін ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласының әлеуетін арттыру үшін ынтымақтастық орнаттық. Осы арқылы біз Беларусь елінен сүт өндіру бағытындағы ірі қара мал басын сатып алып, ол жаққа майлы дақылдарды жеткізуге мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар, «Житковичхимсервис» АҚ-ның экология мәселелеріндегі тәжірибесі бізді қызықтырды. Алдағы уақытта павлодарлық кәсіпорындармен бірге тиімділігі жоғары органикалық тыңайтқыштарды қайта өңдеуді бірлесіп әзірлеуді ұсынамыз, - деді Болат Бақауов.

Талғат Төре

www.pavlodarnews.kz

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15