Конституциялық реформаларды талқылау бойынша Республикалық біріңғай күн аясындағы отырыс

Версия для печатиPDF versionEPUB version

10 наурызда Павлодар қаласындағы Достық үйінде конституциялық реформаны талқылауға арналған отырыс өтті.

Жиынға Павлодар облысының этномәдени бірлестік өкілдері, ақсақалдар алқасының, аналар кеңесі мен қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, облыстық ҚХА жанындағы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс-шараның модераторы Павлодар облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Идият Әбдіқалықов болды.

Жиын барысында сөз сөйлегендердің қатарында Павлодар облысы прокурорының көмекшісі Мұзатов Мұрат Амангелдіұлы, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Парипса Михаил Сергеевич, саяси ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститетінің профессоры Елмұратов Ғани Жұмабекұлы, сонымен қатар, облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық ҚХА жанындағы жастар ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрағасы Паули Элина Сергеевна болды.

Заң жобасы бойынша Конституцияның 19-бабына 26 өзгеріс пен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Павлодар облысының прокурорының көмекшісі Мұзатов Мұрат Амангелдіұлы толық айттып берді. Мұрат Амангелдіұлының айтуынша жаңа заң парламенттің мемлекеттік істерді атқаруда және үкіметті құруда құзіретін арттыра түспек. Конституциялық бақылау жүйесі де жоғарылайды. Конституцияға сәкес Президент жоғарғы мемлекеттік биліктің қамтамасыз етеді. Оның құзырында Конституцияны, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты қорғау саласы, қорғаныс, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты сынды стратегиялық маңызды функциялар қалмақ.  

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.