You are here

Қоғамдық келісімкеңесінің отырысы өтті

08.09.2017, 15:20   401

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға кеңес мүшелерінен басқа облыстық дін істері, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының өкілдері қатысты. Отырыстың модераторы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әдбіхалықов Идият Бекболатұлы болды.

Іс-шараның күн тәртібіне сай, отырыс кезінде Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» және «Дипломмен ауылға» атты әлеуметтік жобаларының, сондай-ақ мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының облыс көлемінде іске асуы қарастырылды. Сонымен қатар отырыс барысында қарастырылған маңызды сұрақтардың қатарында өңіріміздегі ірі кәсіпорындарда қоғадық келісім кеңестерінің өкілдіктерін құру сұрақтары мен кеңестің 2017-ші жылдың төртінші тоқсаны мен 2018 жылғы жұмыс жоспаты қарастырылды.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Карамбаев Жомарт Петрович «Серпін», «Дипломмен ауылға» және «Жастар тәжірибесі» әлеуметтік жобаларының жетістіктері жөнінде баяндады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру барысында 2009-2016 жылдар аралығында облыс мектептеріне барлығы 3120 жас маман келді» - деді ол. «Жыл сайын облыс мектептері 500 жас мамандармен толығады. Ауылдық әкімдіктермен бірлесіп, олар үшін барлық жағдай жасалады, атап айтқанда: тұрғын үймен, жұмыс жүктемесімен қамтамасыз етіледі, коммуналдық қызметтер төленеді. Ауылдық жерге жұмысқа келген мамандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік пакеті ұсынылады – тұрғын үй алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік несие, сонымен қатар 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көшерақы төленеді. Ауылдық жерлергі жас мамандарды тарту бойынша нәтижелілікті одан әрі арттыру мақсатында басқарма білім беру бөлімдерімен бірлесіп жұмысын жалғастыруда. Педагогтың жеке тұлға болып өсуіне ықпал ететін жас педагог мектебі жұмыс жасайды, тәжірибелі ұстаздар қатарынан тәлімгерлер бекітіледі. Жас мамандар үшін әр түрлі кәсіби шеберлік конкурстары, олимпиадалар өткізіледі» - деді Жомарт Петрович.

 Сондай-ақ, отырыс барысында өңіріміздің үлкен кәсіпорындарда қоғамдық келісім кеңесі өкілдіктерінің ашылуына үлкен мән берілді. Қазіргі таңда осындай кеңестер «Богатырь Көмір» ЖШС-де, машина жасау зауытында, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да,  «Қазақстан алюиниі» АҚ-да Казахстана» және «Еуроазиаттық энеркетикалық корпорация» АҚ-да жұмыс жасауда. Отырыс нәтижесінде мұндай кеңестің Ақсу фероқорытпа зауытында да ашылатыны айтылды. Ірі кәсіпорындағы кеңестің төрағасы болып өнеркәсіп басшысының орынбасары Толымбеков Азамат Мағауұлы атанды.

Іс-шара соңында облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің жаңа мүшелеріне қоғамдық келісім кеңесінің куәліктері берілді.

Айтпаев Мақсат

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 8 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15