You are here

«Иртышская линия» филиалының 15 жылдығы

01.11.2016, 16:22   280

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Облыстық Достық үйінің «Достық» концерт залында «Дала өлкесінің казактар одағы» АҚБ «Иртышская линия» филиалының 15 жыл толуына арналған мерекелік концерт өтті.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ қатысты.        Мерейтой күні қоғамдық бірлестіктің барлық шығармашылық өнерлерін, жетістіктері мен шеберлігін көрсетті. Оның ішінде «Родничок» балалар вокалдық казактар ансамблі (көркемдік жетекшісі Вера Ковеня), «Прииртышье» казактар әндерінің ансамблі (көркемдік жетекшісі Полина Энгель), «Иртышская линия» казактар халықтық ансамблі (көркемдік жетекшісі Вера Ковеня), «Воля» казактар халықтық ансамблі (көркемдік жетекшісі Марина Немцева), «Вольница» би ансамблі (көркемдік жетекшісі Владимир Федосов).

Облыс әкімінің орынбасары М.М.Бегентаев «Иртышская линия» филиалының қызметкерлерін мерейтойларымен құттықтады.

Адал еңбегі және казактардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтағаны үшін облыс әкімінің құрмет грамотасымен Ковеня Вера Николаевна, облыс әкімінің алғыс хатымен Энгель Полина Валерьевна, Федосов Владимир Ильич марапатталды. 

Сонымен қатар іс-шара барысында облыстық маслихаттың алғыс хатымен: Фокин  Владимир  Николаевич, Петрова  Мария  Александровна, Стародубова  Ирина Николаевна, Калиниченко Дмитрий Игоревич; Павлодар қаласы әкімінің алғыс хатымен: Немцева  Марина  Сергеевна, Тюрморезова  Лариса  Дмитриевна; қалалық маслихаттың алғыс хатымен: Борина  Валентина  Ивановна, Ещенкова Светлана Васильевна марапатталды.

Іс-шара жиналған қауым осы күні екі мерейтойды атап өтті! Құрылғанына 15 жыл толған «Иртышская линия» казактар халықтық хорына құрмет көрсетіліп, құттықтаулар айтылды.

«Иртышская линия» казактар халықтық хоры 2001 жылы құрылды. Жетекшісі Ковеня Вера Николаевна. Осы жұмыс істеген жылдары ішінде казак хоры қаланың көптеген сахналық алаңдарда өз өнерлерін көрсетті, әртүрлі мерекелерді ұйымдастыруда белсенді атсалысып келеді. Атап айтқанда: Қазақстан халқының бірлігі күні, Наурыз мейрамы, Республика күні, Конституция күні, Масленица. «Иртышские казаки» хоры Қазақстан Республикасында, сондай-ақ, басқа мемлекеттерде ұйымдастырылатын түрлі байқаулардың лауреаттары мен дипломаттары.

«Иртышкая линия» филиалының мерейтойы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде біз көптеген жетістіктерге жеттік: мықты мемлекет пен серпінді экономиканың бірін құрдық, өмір деңгейін жақсарттық. «Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – жаңа Қазақстанды құрудың басты негізі!» - деп айтып өткен  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мерейтойлық әсем көрініс ЭМБ-ның барлық ұжымдарына шығармашылық өсуі, Отанымыз Қазақстанның өркендеуі мен барлық бастамаларға жетістік болсын деген тілектерге толы болды! Іс-шара «Иртыская линия» халықтық хорының «Ликуй и пой» әнімен аяқталды.

***

Павлодарда казактар 90-шы жылдары дами бастады. 1994 жылы Ертістің Павлодар өлкесінің қазіргі казактар тарихында тұңғыш рет жиын өтті. 2001 жылғы 12 қазанда бірлестік «Дала өлкесінің казактар одағы» өңірлік қоғамдық бірлестіктің «Иртышская линия» деп тіркелді. 2007 жылы «Дала өлкесінің казактар одағы» қоғ,амдық бірлестігі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрамына енді.

2009 жылғы қарашада жас казактар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанында жастар қанатын ұйымдастырды. Жастар қауымы казактардың салт-дәстүрін, тілін, қолөнері, ұлттық тағамдарды дайындау, әні мен биін меңгеруде. Сонымен қатар, ат үстіндегі «джигитовка» өнерін игеріп, шашка, нагайка мен пиктерде семсерлесуді де үйренуде. Бірлестік мүшелері қалалық және облыстық деңгейдегі шаралардың барлығына белсене қатысуда.

Бүгінгі таңда қоғамдық бірлестік жанында казактар музейі және алты шығармашылық ұжым бар.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15