Германия елшісі Павлодарға қонаққа келді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэльмен кездесті. Болат Бақауов шет елдік қонаққа өңірдің инвестициялық тартымдылығы туралы айтып, неміс инвесторларын Павлодарға жұмыс істеуге шақырды.

- Германия – Павлодар облысының Еуропадағы негізгі сауда әріптестерінің бірі, - деді аймақ басшысы өзінің алғы сөзінде. – Өткен жылы ғана біздің өңіріміз бен Германия арасындағы сауда айналымы 100 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 13 пайызға жоғары. Павлодар облысына Германиядан көлік құралдары, аранйы техника, түрлі жабдықтар әкелінсе, біздің өңірімізден алюминий қоспалары экспортталады. Павлодар облысында металлургия, құрылыс, тамақ өнеркәсібі, сауда және басқа салаларда жұмыс істейтін 50 бірлескен кәсіпорын бар. Мәселен, «Giessenhaus» ЖШС алюминий бұйымдарын өндірумен айналысады. Біз неміс кәсіпкерлерін Павлодар облысында Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінің сауда нарығына шығуға қажетті өндіріс алаңын құруға шақырамыз. Аймағымыздағы дамыған көлік инфрақұрылымы өңірдің транзиттік потенциалының жоғары екендігін көрсетеді.

Германия елшісі Павлодар қаласындағы екі күндік сапары кезінде облыс орталығын аралап, неміс диаспорасының өкілдерімен танысқанын айтып өтті. Ол неміс диаспорасының көпшілігі өз кәсібімен айналысатынын атап өтіп, олардың Германиядан келетін инвесторлар мен жергілікті билік арасында делдал болуы екі жаққа бірдей тиімді болатынын айтты. Сонымен қатар, Рольф Мафаэль бұрынғы Павлодар трактор зауыты туралы сұрастырып, германиялық John Deere және Claas техника өндірушілері өңірімізде трактор жасау ісін жандандыру жобасын қолға алуы мүмкін екендігін айтты.

- Әрине, егер мұндай ірі кәсіпорындар облысымызда жұмыс істеуге мүдделі болса, біз оларға арнайы экономикалық аймақта, қажет болса, бұрынғы трактор зауытының алаңында жер бөлуге әзірміз, - деді өз кезегінде Болат Бақауов. – Біз үшін бұл жобалар аса қызықты.

Жоғары мәртебелі қонақ Павлодар қаласы оған өте ұнағанын және алдағы уақытта облысымызға оралатынын айтты.

www.pavlodar.gov.kz

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.