You are here

Финн-угор этномәдени бірлестігінің жаңа бөлімшесі

12.07.2017, 17:35   288

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Павлодар облысы Қашыр ауданындағы «Ярославка» ауылында финн-угор этномәдени бірлестігінің бөлімшесі ашылды. Салтанатты іс-шараға облыстық ҚХА мүшелері, аудан басшылығы, облыстық финн-угор этномәдени бірлестігінің мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шараның басты ұйымдастырушысы облыстық финн-угор ЭМБ төрайымы Николашина Ольга Леонидовнаның айтуынша аталмыш бөлімше «Туған жер» бағдарламасы аясында ашылды.

«Бөлімшенің ашылғанына өте қуаныштымыз. Төрт жыл бұрын пайда болған біздің ауылдық ансамбльдің репертуарында мордва, украин, орыс және қазақ тілдерінде әндер бар. Бөлімшенің ашылуы біздердің әрі қарай дамуымызға жаңа мүмкіндіктер береді деп есептеймін», - деп бөлісті ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Марина Владимировна.

Өз құттықтау сөзінде хатшылық меңгерушісі, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы Ярославка ауылындағы қырыққа тарта шаңырақтың тең жартысы мордва этносының өкілдері екендігін тілге тиек етіп, жаңадан ашылған бөлімше мүшелеріне шығармашылық табыстар тіледі.

Салтанатты іс-шара концертпен жалғасты. Көңілді әндер мен мың бұралған биге толы қызықты бағдарламаға «Ярославка» ауылының шығармашылық ұжымы, облыстық финн-угор ЭМБ-нің «Эсьне» вокалдық ансамблі, «Самрұқ» би ансамблі қатысты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15