You are here

Армян халқының мәдениеті күні

06.09.2017, 10:56   156

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жыл сайын жаз айларының жексенбі күндері Павлодар облысындағы этномәдени бірлестіктердің мәдени күндерін өткізу дәстүрге айналған. Бұл –Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы басшыларының идеясынан туындаған мереке.   Ассамблеяның нақты жоспарланған жұмысы ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайтып, дамытуға, этностардың арасындағы достық пен өзара түсіністіктердің беки түсуіне әсер етеді. Өткізілетін іс-шаралар  қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, мәдени-тарихи мұраның, салт-дәстүрлердің сақталуына, өңірде тұратын этностардың қолданбалы шығармашылығының дамуына үлкен үлес қосады. 

Өткен демалыс күндері қалалық мәдениет және де демалыс саябағында «Айреник» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен армян мәдениеті күні өтті. Мереке ұлы даламыздың үні - домбыраның күмбірлеген күйімен ашылды.

Армян халқы қонақжайлылығымен, жомарттығы мен шынайылығымен белгілі. Мереке аясында «Айреник» этномәдени бірлестігі павлодарлықтарға армян халқының мәдениеті туралы бірталай ақпарат берді.

Мысалы, бағдарламада «Джангюлум» мерекесінің фрагменті көрсетілді. Бұл мереке алдында балалар гүл теріп, олардан десте жасайды. Ол үшін жас қыздар мен жігіттер таңсәріден  тауға көтеріліп, гүлдің жеті түрін, тастың жеті түрін жинап, жеті бұлақтың суын алады. Мұның бәрін асқан ынтамен, халық әндерін айтып, би билей жүріп істейді.  

Бұдан кейін қыздар жиналған заттардың бәрін саз балшықтан немесе жезден жасалған ыдысқа салып, оны түнде үйдің шатырына қояды. Бұл – ғарышпен байланысты білдіреді. Ертесіне бұл ыдыстарды әйелдер жерге түсіріп, өсімдіктерді малға береді, ал суды қамыр илеу үшін пайдаланады.     «Джангюлум» мерекесі кезінде балалар үй-үйді аралап, дәстүрлі әндерді айта жүріп, гүл дестелерін таратады. Ол үшін, әрине, алғыс естіп, түрлі сыйлықтар алады. 

Мереке бағдарламасы тек әндер және билермен ғана емес, сонымен қатар көрермендердің барлығы қатысқан ойындар және жарыстармен де ерекше қызық өтті.  Павлодарлықтар «Эребуни» вокалдық тобының және Сусанна Аракелян мен Овсепян Сюзанның жеке орындауындағы әндерді сүйсіне тыңдады. Сонымен қатар балалар арасында «Жігіттің күші» деп аталатын көңілді ойын өткізілді. Ойынға тек қана жігерлі, айбатты, «ең мықтымын» деген балалар қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, тек жеңімпаздарға емес, барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, мереке кезінде «Жеребе тарту» дәстүрі орындалады. Алдын ала дайындалған құмыраға әр бала өз затын салып, ал үлкендер сол сәтте түрлі тілектерді жазып тұрады.  Құмыра толған соң заттар алына бастайды да сонымен бір мезгілде  оқылған тілек зат иесіне арналады. Этномәдени бірлестігінің өкілдері бұл ойынды жиналған жұртшылық арасында өткізіп, көпшіліктің көңілін бір көтерді.   

Мереке соңында «Айреник» армян этномәдени бірлестігінің төрайымы Петросян Эльмира Бениковна мереке қонақтарына ризашылығын білдіріп,  балаларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Концерттің  ең жас қатысушылары, бірінші сынып оқушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.

Дата события Ассамблеи: 

Сәрсенбі, 6 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15