You are here

Ассамблея туралы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Өңірдегі алғашқы этномәдени бірлестіктер 80 жылдардың соңында ашыла бастады, ал 1991 жылы үш бірлестік: «Возрождение» немістер мәдени-ағарту қоғамы, татар башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы және Т.Шевченко атындағы украин мәдени серіктестігі өз жұмыстарын бастап кетті. 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының яғни кіші (өңірлік) ассамблеяның құрылу уақытына орай облыс көлемінде құқықтық жағынан рәсімделген, 8 этномәдени орталықтар жұмыс істеді.

Өңірде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 13 филиалы қызметін жүзеге асырады, облыстың қалаларында, аудандарында және ауылдық округтерінде 83 этномәдени бірлестіктер мен 24 облыстық этномәдени бірлестіктер жұмыс істеуде.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанында құрамында ардагерлер, белгілі этнос өкілдері кіретін «Ақсақалдар алқасы» ақсақалдар кеңесі, ғылыми – сараптамалық топ, аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, жастар бірлестігінің үйлестіру кеңесі жұмыс атқарады.

Этномәдени бірлестіктердің басшылары ақпараттық – насихаттау тобының құрамына еніп, ондағы жұмысқа белсене араласады. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамның әлеуметтік модернизациясына белсенді қатысуына «Полония» облыстық поляктар қоғамының төрағасы, Қазақстанның поляктар Одағының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі - облыстық ҚХА өкілі ретінде ең алғаш рет В.З. Свинцицкий облыстық мәслихатқа бірінші рет тағайындалды.

Облыстық ассамблеяның жастар қанаты құрамына облыстық этномәдени бірлестіктердің 16 жастар құрылымы кіреді, олардың басты міндеті – қазақстандық патриоттылықты тәрбиелеуде бірлесіп нәтижелі жұмыс атқару, Павлодар өңірінде тұратын этностардың мәдени және рухани құндылықтарын сақтау, оны тарату. Аталған құрылым өкілдері облыс әкімі жанындағы Жастар мәселесі жөніндегі өңірлік кеңес құрамына кіреді.

2014 жылдың 1 наурызында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы ашылды.

2014 жылдың 16 маусымында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Еуразия Интеграциясының орталығы бой көтерді.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысында келесі формалар қолданыс табады:

  • Қазақстан халқының бірлігі мен достығын насихаттау мақсатында облыста жыл сайын Қазақстан этностарының ұлттық төл мәдениетін қолдауды және одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге, қазақстандық патриоттық сезімді таратуға, этносаралық келісім, рухани бірлік идеясын дамыту және қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған этникалық мәдениеттің облыстық фестивалі өткізіледі.
  • Облыс тұрғындарының арасында бірлік пен этносаралық келісімді нығайтуға, мәдени мұраны сақтауға, қазақстандық патриотизм сезімін дамыту.
  • Жыл сайын өткізілетін «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалі аясында қалалық мәдениет және демалыс бағында, бекітілген кесте бойынша ұлттық мәдениет мерекелері тойланып отырады.
  • Республикалық жастар бірлестіктері мен шекаралас өңірлердің көшбасшыларының «Бірлік. Единство.kz» шекаралас ынтымақтастығының жастар этномәдени Форумы да жыл сайын өткізіліп, қанатын кеңге жаюда.
  • «Патриот» пікірталас клубы жұмысы, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, этномәдени дәстүрлер мен достықты насихаттау оның басты мақсаты болып табылады.
  • Жыл сайынғы «Біз Қазақстан халқы» үгіт-пойызы аясында облыс ҚХА мүшелері мен ЭМБ-нің шығармашылық ұжымдардың концерттік номерларымен және ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын, қазақстанның Ел бірлігі Доктринасын түсіндіру және ҚХА этномәдени бірлестіктерінің мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру және қоғамды - әлеуметтік жаңғыртуға қатысуы жөніндегі жұмыстарды ақпараттандыру мақсатында қалалар мен аудандардың елді-мекендеріне шығып отырады.
  • Облыс қалалары мен аудандарында, ірі кәсіпорындарында білім беру ұйымдарында қазақстан халқы Ассамблеясы күндері өткізіліп тұрады.

Павлодар облысының шекаралас аудандары бекітілген меморандум шеңберінде Омбы, Новосібір, Томск облысы мен Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен тығыз байланыс орнатып, толеранттылық пен этникааралық келісім тәжірибесімен алмаса отырып, бірлесіп көптеген қызметтер атқарып келеді.

Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын іске асыруға қатысуына, барлық этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстанның көпұлтты халқының тарихын, ана тілін, салт-дәстүрін оқып-үйренуге бағытталған, қосымша білім беру мекемесі – Ұлттық жаңғыру мектебінің орны ерекше. Мектеп құрылымында 17 ұлттық білім бөлімдері және қазақ, орыс екі мәдени орталығы жұмыс істейді. Мектепте жыл сайын бес жүзден аса оқушы білім алады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстың этномәдени бірлестіктері Қазақстанның ұлттық бірлігінің қалыптасуы мен жетістіктерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарында кең көрініс табады.

Облыстық радио эфирінде апта сайын «Казахстан в современном мире», «Казахстан – наш общий дом», «Қазақстан бүгінгі таңда» бағдарламалары, «Қазақстан-Павлодар» облыстық телеарнасында айына бір рет «В семье единой», «Ортақ шаңырақ астында» бағдарламалары шығып  тұрады.

Мемлекеттік ұлттық саясатты іске асырудағы нақты қадамдардың бірі 2008 жылдың қыркүйек айында облыстық Достық үйі пайдалануға берілді, шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаев қатысты.

Өз қызметін жүзеге асыру үшін Достық үйі жақсы материалдық базамен қамтылған: дыбыстық және жарық түсіруші заманауи аппаратурамен жабдықталған мәжіліс залы және акт залы, репитиция және хореография залдары, мультимедиялық, компьютерлік, оқу сыныптары, ұлттық әдебиет кітапханасы және мұражай.

2010 жылы желтоқсан айында «Достық» концерттік залы ашылды. Оның материалдық - техникалық базасы этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының концерттік қызметін белсенді түрде жүзеге асыруға, облыс тұрғындары мен павлодарлықтардың өңірдегі сан алуан ұлт өкілдерінің мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік ашты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15